
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінедүкендердің бірінде тонау болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Жәбірленуші-24 жастағы сатушы кешкі сағат 19:00 шамасында сауда орнына белгілі бір адам кіріп кеткендігін түсіндірді.Ол тауарларды қарай бастады, содан кейін ер адам жәбірленуші тұрған орынға жақындады.Ер адам әйелдің қасында жатқан қайшымен, оның қолындағы алтын білезікті жұлып алды.Зергерлік бұйымдарды тартып алған қаскөй көшеге қарай қашып кеткен.Келтірілген шығын көлемі 36 мың теңге.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті деп 32-жастағы ер адамды анықтап, ұстады.Ол мойындау көорсетпелерін берді.ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.