Қарағанды облысы Абай ауданы «Назар аударыңыз- балалар!» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қарағанды облысының Абай ауданында жол қозғалысы жас инспекторларының слеті өтті.Іс-шараның мақсаты-студенттердің жол қозғалысы ережелері бойынша білім сапасын арттыру, жас жол қозғалысы инспекторлары жасақтарының озық іс-тәжірибесін қорытындылау.
Сондай-ақ ауданның 18 білім беру мекемесінен командалар қатысқан жарыстар өтті. Олар жеті кезеңнен тұрды: Жол ережесін білгірлер, велосипедті түрлі фигуралармен жүргізу, жас жол реттеушісі, жас тәртіп сақшысы, үгіт-насихат топтары сайысы, білімпаздар турнирі. Жарыс қорытындысы бойынша Топар және Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы ұтқан жеңімпаздар анықталды.Барлық топтар төмендегідей орындарға ие болды: бірінші орынды Абай қаласы Абай атындағы мектебі, екінші орынды-М.Макатаев атындағы метебі, үшінші орынды Топар және Абай Құнанбаев атындағы гимназия-мектебі иеленді.Жеңімпаздар кубоктар және грамоталармен марапатталды.