Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жауынгерлік және даңқ мұражайында Халықаралық музей күні аталып өтті. Аталған іс-шараны облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Адилов ашты.
-Музей күні біз үшін өткен тарихымыздың, кәсіби мамандардың алтын іздерімен жолы деп білеміз. Бұл күні барша ардагерлерімізге алғысымызбен зор құрметімізді көрсету ең басты парызымыз деп білемін,-деді полиция генерал-майоры құттықтау сөзінде.
Құттықтау сөзінен кейін облыстың бас сақшысы көне көз жәдігерлерімізді бүгінгі күнге дейін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізіп, тарихымызды дәріптеп жүрген бірқатар ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады. -Жас қызметкерлер қызметтеріне адал болып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында қабылдаған анттарына берік тұруы қажет,-деді шахтинск қалалық Полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Леонид Фролов. Айта кету керек Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жауынгерлік және деңқ мұражайы сонау 1981 жылы құрылған. Бүгінгі таңда аталған мұражайда полицияның кешегі өткен тарихымен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарынан сыр шертетін құнды дүниелер сақталған.