Қарағанды облысында «Абайлаңыз-Балалар» атты жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

Қарағанды облысында «Абайлаңыз-Балалар» атты жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

Қарағанды облысының аумағында «Абайлаңыз-Балалар» атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Оның негізгі мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Балаларға жол жүру ережелерін үйрету болып табылады. -Жыл басынан бастап облыс аумағында балалардың қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 12 жасөспірім әртүрлі деңгейде жарақат алды. Алдағы келе жатқан балалардың жазғы демалысы қарсаңында біз облыс тұрғындарын балалардың қауіпсіздігін қадағалауға шақырамыз,-деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қайырбек Шәкенов. Сондай-ақ, полиция полковнигі Қайырбек Шәкенов жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелінен өту барысында жылдамдықты шектен тыс асырмай, жүргіншілерге жол беруге шақырды.