Қарағанды облысының полицейлері 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған азаматты ұстады.

Қарағанды облысының полицейлері 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған азаматты ұстады.

Мамыр айының 12 нен 13 –не қараған түні Қарағанды облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері Осакаров ауданында орналасқан су қоймаларында рейдтік жұмыстар жүргізді. Сағат 23.30 шамасында полиция қызметкерлері ауыл шетінде артында тіркемесі бар жеңіл көлікті байқаған. Тәртіп сақшылары аталған көлікті 30 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруында тоқтатты. Көліктің тіркемесіне жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында одан бірнеше қапқа салынған жалпы салмағы 249 келі әртүрлі түрдегі балық тәркіленді. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 515 мың теңге. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335 бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.