Теміртауда велосипед ұрлап, сатып жібермекші болған күдікті ұсталды.

Теміртауда велосипед ұрлап, сатып жібермекші болған күдікті ұсталды.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Азаматша арызында белгісіз біреулер дәлізде тұрған велосипедін ұрлап кеткені туралы көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады. Аталған қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлеріне 40 минут уақыт кетті. Тексеріс жүргізу барысында тәртіп сақшылары велосипедті алып шығып бара жатқан күдіктіні көрген куәгерлерді анықтады. Олардың айтуы бойынша ұрлықты шамамен 30-35 жастағы азаматтың алып кеткен. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол велосипедті ұрлап, кейін сатып жібермекші болғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.