
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматшаның жеке кәсіпкер екені белгілі болды. Оның қалада өзіне тиесілі дәмханасы бар. Белгісіз біреу дәмханаға кіріп, ешкім жоқ кезде үстел үстінде тұрған планшетті ұрлап әкеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 89 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол дәмханаға келіп, кейін үстел үстінде жатқан планшетті ұрлап әкеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.