Қарағанды облысында тәулік ішінде мотоциклдардың қатысуымен үш құқық бұзушылық тіркелді.

Қарағанды облысында тәулік ішінде мотоциклдардың қатысуымен үш құқық бұзушылық тіркелді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының аумақтық бөліністерімен өздеріне тиесілі әкімшілік аумақта мотоциклі бар азаматтармен кездесіп, олардың иелігіндегі көлік құралдарының құжаттары бар-жоғына тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен, осы кездесу барысында мотоцикл иелеріне жол-жүру ережелерін сақтау бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен мотоцикл жүргізушілерге сақтану заттарын киу және жүргізу куәлігінің болуы сияқты түсіндірмен жұмыстары жүргізілуде. Осыған қарамастан, мотоцикл жүргізушілер тарапынан бүгінгі таңда құқық бұзушылыққа жол беру жағдайлары диі кездеседі. Мәселен, 13 мамыр күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы, Құлайғыр ауылының маңында Абай аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызметкерлерімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотоцикл тоқтатылды. 29 жастағы жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмір тақпағанға қарамастан ол мотоцикл құралын ішімдік ішкен күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабы 1 тармағы, 590 бабының 2 тармағы, 593 бабының 2 тармақтарына сәйкес хаттама толтырылды. Соттың шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқықығынан айырылды. Шахтинск қаласында 13 мамыр күні сағат 15.00 шамасында 16 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйлердің ауласында «ИЖ Юпитер 3» мотоциклін басқару кезінде жол қауіпсіздік ережелерін ескермей 3 жастағы баланы қағып кетті. Салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 23.00 шамасында «Есенгелді-Қарағанды» тас жолында 35 жастағы «Хонда» мотоциклінің жүргізушісі 30 жастағы «ВАЗ 21014» автокөлігінің жүргізушісімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орынында қайтыс болды.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қарағанды облысының Полиция департаменті мотоцикл жүргізушілерін жол жүру ережелерін қатаң сақтап, сақтандыру киімдерін киіп жүруге шақырады.