Полиция қызметкерлері қарағанды қаласы тұрғынынан жарты келіге жуық героин есірткі затын тәркіледі.

Полиция қызметкерлері қарағанды қаласы тұрғынынан жарты келіге жуық героин есірткі затын тәркіледі.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне қалада белгілі бір азаматша есірткі сақтаумен айналысып жүргендігі туралы ақпарат түсті.
-Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 52 жастағы күдікті азаматша қолға түсті. Санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ерікті түрде үш орам ұнтақ тәрізді заттарды берді. Сараптама қорытындысына сәйакес тәркіленген зат салмағы 448 гр «героин» есірткі заты екені белгілі болды,-деді Қарағанды қалалық Полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.