Қарағандыда қолданыста жоқ пәтерді жалға беремін деп ақша тапқан алаяқ ұсталды.

Қарағандыда қолданыста жоқ пәтерді жалға беремін деп ақша тапқан алаяқ ұсталды.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 21 және 35 жастағы қала тұрғындарынан арыз түсті. Арызданушылардың екеуі де алаяқтың құрбаны болған. Олар пәтер жалдамақшы болып әлеуметтік желіден фотосуреттері бар пәтерді көріп, алу үшін біріншісі «жалға берушіге» 45 мың теңге ақша жіберсе, екінші жәбірленуші 60 мың теңге ақша аударған. Алайда, олар өздеріне қажетті пәтерді жалға ала алмаған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің 66 жастағы зейнеткердің үйінен жалпы құны 54 мың теңгеге велосипед пен ойыншық ұрлағаны анықталды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.