Қарағандылық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азаматшаны құтқарды

Қарағандылық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азаматшаны құтқарды

 5 мамыр күнгі жұмыс кестесі патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Болат Мұхажановпен Ислам Әбілтаев үшін жеңіл болған жоқ. Сағат 20.00 шамасында оларға Қарағанды қаласы Гапеев көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатынан бір қыздың секірмекші болып тұрғандығы туралы ақпарат түсті.
Оқиға орынына келген тәртіп сақшылары үйдің шатырында тұрған жас қызды көрді. Оны аман алып қалу мақсатында полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақшы болған қызбен келіссөз жүргізіп, оңтайлы сәтті пайдаланып, оны шатырдан түсіріп алды. Азаматшаның 18 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Ол бұндай қадамға жігітімен арадағы кикілжіңнен соң барған. Полиция қызметкерлері азаматшаны көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырып, қызметтеріне аттанды.