Қарағандыда сатушының көзінше бір қорап кофе ұрлап кеткен жас жігіт қолға түсті.

Қарағандыда сатушының көзінше бір қорап кофе ұрлап кеткен жас жігіт қолға түсті.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне аумақтағы сауда нүктелерінің бірінде тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші 34 жасар азаматша білгісіз жас жігіт оның көзінше құны 12 мың теңге тұратын бір қорап кофе алып, ақшасын төлемей қашып кеткенін айтты. Жәбірленуші азаматша күдіктінің соңынан жүгіргенімен оған қуып жете алмаған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас басқа дүкенде жасаған қылмысқа қатыстылығы анықталды. Сонымен қатар бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.