
Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 38 жастағы азаматша арызданды. Жәбірленуші қаладағы азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасайды. Сол күні одан жас жігіт тауар сатып алып, ақшасын төлегені туралы түбіртек көрсеткен. Алайда, сатушы кейін оның жалған түбіртек екенін білген. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің шамамен 18-20 жас аралығында екенін айтты. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды. Күдікті осындай әдіспен төрт сауда нүктесінен тауар алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.