
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына бір күн бұрын үйіне қонақ шақырғанын, кейін олар кеткенде белгісіз біреу үйінен алтын алқамен кулонын ұрлап әкеткенін айтты. Оған келтірілген шығын көлемі 333 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азаматша ұсталды. Ол жәбірленушінің үйіне кісілердің көп кезінде байқатпай кіріп, жымысқы ойын жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас тағыда бір қылмысқа қатыстылығы анықталды.