Қарағанды облысының полицейлері №21 орта мектепте ерлік сабағын өткізді.

Қарағанды облысының полицейлері №21 орта мектепте ерлік сабағын өткізді.

Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қаланың №21 орта мектебінде ерлік сабағын өткізді. Іс-шара болашақ Отан қорғаушылардың ата-аналарын ұлықтау, тәртіп сақшыларының қызметін жасөспірімдерге көрсету арқылы олардың бойында патриоттық рухты көтеруге бағытталды. -Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңіс мерекесі біз үшін ерекше мерекелердің бірі. Біз ұрыс даласында ел мен жер үшін от кешкен ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Бүгінгі таңда Отан үшін от кешкен аталарымыздың ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру біздің басты мақсатымыз,-деді облыстық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Ділмағамбетов іс-шараның ашылу салтанатында.
-Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке баулуда аналардың ролі ерекше. Сондықтанда біз бүгін осы мектепте өткізіп жатқан іс-шарамыз болашақта Отан қорғайтын балалардың ата-аналарына құрмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еселі еңбектеріне алғыс білдіреміз,-деді департаменттің жауынгерлік және даңқ мұражайының директоры Айна Айтжанова. Өз кезегінде өнегелі, тағылымға толы іс-шара өткізуге келген тәртіп сақшыларына №21 орта мектептің директоры Нұрбол Күнедиов. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан «Халықаралық полицейлер ассоциациясының» Қарағанды облысы филиалының директоры әділет полковнигі Ася Хегай шараға қатысқан мектеп оқушыларының аналарына алғыс хаттар табыстады.