
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша түнгі көңіл көтеретін орында болған. Кейін біршама уақытқа өзінің қол сөмкесін түнгі көңіл көтеретін орынның әкімшісінің алдындағы үстелге қойып, шығып кеткен. Қайтып оралғанда белгісіз біреу ішінде құны 350 мың теңге тұратын ұялы телефоны, 10 мың теңге ақшасы бар қол сөмкесін ұрлап кеткенін байқаған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ зат ретінде жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.