Теміртаулық полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған есірткі «жасырушыны» қолға түсірді.

Теміртаулық полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған есірткі «жасырушыны» қолға түсірді.

Есірткіге тәуелділік және есірткі айналымының алдын алу полиция қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта интернет-желілерінің күн санап дамуына байланысты, есірткі заттарын осы әлеуметтік желілер арқылы жастар мен жасөспірімдерге де тарап жатқаны қоғамды алаңдатып отырғаны жасырын емес.
Мәселен, 20 сәуір күні Теміртау қалалық полиция басқармасы, Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала көшелерінің бірінен 17 жастағы колледж студенті ұсталып, азаматшадан 10 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіленді. Ұсталған азаматшаның қатысуымен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында ол қаланың әр нүктесінен 9 орынға жасырылған есірткі заттарын көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар альфа-PVP немесе «скорость» есірткі заты екені анықталды. Бұл заттар адам ағзасына қатты әсер ететін есірткі екені белгілі және бұны бір рет пайдаланған адам оған тәуелді болып қалатыны жасырын емес. Ұсталған азаматша немен айналысып жүргенін, сонымен қатар ұсталған уақытта бұл әрекетіне заң бойынша жауап беретінін білген. Алайда, жеңіл ақша табу жолы оған ең басты талап болғандықтан ол есірткі жасырумен айналысқан. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық Полиция департаменті, Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі жасыру есірткі сату қылмысымен сәйкестендіріліп, ол қылмысы үшін 10 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілетінін еске салады.