Шахтинск қаласының полицейлері бесінші қабаттан секірмекші болған азаматшаны құтқарып қалды.

Шахтинск қаласының полицейлері бесінші қабаттан секірмекші болған азаматшаны құтқарып қалды.

1 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан азаматшаның секірмекші болып тұрғаны туралы хабарлама түсті. Тез арада оқиға орынына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметовпен Ерназ Өскенбай жетті. -Әріптесім екеуіміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қауіпінің алдын ала алмас едік. Сондықтанда мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, азаматшаны әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын эмоцияға берілмеу керектігін айтты. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды,-деді Ерназ Өскенбай. Азаматша осындай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырып қызметін жалғастырды.