Қарағандылық полицейлер ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады.

Қарағандылық полицейлер ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне сол аумақтағы  ықшам аудандардың бірінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. 58 жастағы жәбірленуші азамат ықшам аудандардың бірінде орналасқан банкттің қасында ұялы телефонымен сөйлесіп тұрғанда, белгісіз біреу қолындағы ұялы телефонын тартып алып, оқиға орынынан ізін жасырған. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің түр-кескінін суреттеп, 35-40 шамасындағы адам екенін айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғыны ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.