Балқаш қаласының полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды.

Балқаш қаласының полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды.

Түнгі сағат 1.00 шамасында Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне белгісіз біреулер Байсейтов көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің ауласынан автокөлік ұрлап әкеткен туралы хабарлама түсті. Оның иесі 40 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Жәбірленуші азаматша кешкілік уақытта жұмыстан келген соң, үйінің ауласына көлігін қойған. Арада біршама уақыт өткенде терезеден көлігінің жоқ екенін байқаған.
Балқаш қалалық патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай ұрланған көлік 34 жастағы азаматтың басқаруында ұсталды. Ұсталған азамат көлікті мініп келу үшін ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.