
Қарағанды қаласының полициясына 46 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша полицияға белгісіз біреулер оның жеке деректерін пайдаланып, Қарағанды қаласындағы дүкендердің бірінен 1 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдегенін айтты. Қарағанды қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат жәбірленушімен бір ауылда тұратыны белгілі болды. Күдікті ұтымды сәтті пайдаланып, жәбірленушінің жеке деректеріне қол жеткізген. Кейін, Қарағанды қаласына арнайы келіп, банктердің бірінен несиеге тауар рәсімдеген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.