Бұрын автокөлік ұрлығы үшін сотты болған Шахтинск тұрғыны пәтер ұрлығымен қолға түсті.

Бұрын автокөлік ұрлығы үшін сотты болған Шахтинск тұрғыны пәтер ұрлығымен қолға түсті.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 66 жастағы зейнеткерден арыз түсті. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу түнгілік уақытта үйіне ұрлыққа түсіп, ұялы телефон, жейде және ақша ұрлап кеткені туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен, бұрын бірнеше рет автокөлік ұрлығы бойынша сотты болған 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.