
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллиннің төрағалығымен бірінші тоқсанда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Кеңеске департаменттің басқарма бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының басшыларымен олардың орынбасарлары қатысты. -Соңғы бес жыл ішінде облыс аумағында тіркелген қылмыстардың саны тұрақты түрде 53,6 пайызға төмендегені байқалады. Қылмыстардың басым бөлігі, яғни 73,9 пайызы мүліктік қылмыстар екені белгілі. Сонымен қатар, қашықтықтан сауда-саттық жасау, онлайн-қызмет көрсету басталғалы интернет-алаяқтық фактілерінің тіркелуіне себеп болды. Қылмыстардың басым бөлігінде интернет-алаяқтығының үлесі 19,3 пайызды құрап отыр. Сондықтанда облыс тұрғындарынан интернет-алаяқтарына алданып қалмауды ескерткім келеді. Полиция қызметкерлерімен есірткі қылмыстарының алдын алуда да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жасалған арнайы операциялармен жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ай ішінде есірткі қылмысы былтырғы жылмен салыстырғанда 57 ден 37 –ге азайды. Заңсыз айналымнан полиция қызметкерлерімен 172 келі әртүрлі санаттағы есірткі заттары тәркіленді,-деді департамент бастығы Ерлан Файзуллин. Жиын барысында полиция генерал-майоры құқық бұзушылықтар бойынша хабарламаларға баса мән беруді тапсырды. Бұл бағытта қылмыс орынына бірінші келетін патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің жұмысына аса мән беру керектігін тілге тиек етіп, олардың қызметіне қажетті барлық жағдайдың жасалып жатқанын басты назарға алды. Кеңес соңында Ерлан Файзуллин аумақтық ішкі істер органдарының басшыларына интернет-алаяқтығымен күрес, есірткі қылмыстарының алдын алу, жол қауіпсіздігін қадағалау бойынша нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.