
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қала орталығында білгісіз бір азаматта аса ірі көлемде есірткі затының сақталып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Аталған ақпарат бойынша күдікті азаматты анықтау және ұстау бойынша криминалдық полиция және есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері бірқатар кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. -Жүргізілген кешенді операция барысында есірткі сақтады деген күдікпен 32 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты жеріне тексеріс жұмыстары барысында жалпы салмағы 11 келі 865 гр. қорапқа салынған есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат гашиш есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлады Қарағанды Қалалық Полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.