
Сағат 14.00 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне қаладағы ықшам аудандардың бірінде ашық тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел –тергеу тобы жіберілді. Қылмыс қатыгездікпен жасалғаны белгілі болды. 36 жастағы жәбірленуші Респблика даңғылының бойындағы тұрақта автокөлігінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырғанда, белгісіз біреу көліктің есігін ашып, жәбірленушіге соққы жасап, қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.