Қарағандыда егде адамнан электросамокат тартып әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағандыда егде адамнан электросамокат тартып әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу күш қолдану арқылы электросамокатын тартып әкеткенін көрсеткен. Оқиға жәбірленушінің үйінің маңында болған. Оған келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған затты ақшаға басқа біреуге сатып жібермекші болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.