Қарағанды облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.

Қарағанды облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша кешкілік уақытта жұмыстан үйіне келгенде белгісіз біреулердің үйіне ұрлыққа түскенін байқаған. Күдікті жәбірленушінің пәтерінен ақшамен смарт сағатын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құраған. Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері үйді қарау кезінде үй іші шашылмағанын байқады. Сондықтан бұл үйге ұрлыққа түскен білетін біреу деген болжамға келді. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 48 жастағы көршісі анықталып ұсталды. Ол жәбірленушінің үйінде бірнеше рет болған және ұрланған заттардың қай жерде тұрғанын білген. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.