Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы қолда жоқ айфон ұялы телефонын сатамын деп елді алдаған алаяқ ұсталды.

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы қолда жоқ айфон ұялы телефонын сатамын деп елді алдаған алаяқ ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші өзіне айфон ұялы телефонын сатып алмақшы болған. Сондықтан ол, өзіне қажетті затты сатып алу мақсатында әлеуметтік желіден арзан бағаға ұялы телефон іздеген. Хабарлама арқылы әлеуметтік желіден ұялы телефонды тауып, «сатушы» жәбірленушіден 915 мың теңге ақша алған.
Қомақты қаражатты қолды қылған алаяқ, кейін жәбәрленушімен байланысын үзіп, телефонға жауап бермей қойған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 5 қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдіктінің жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.