
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы азық-түлік өндіретін мекеменің бірінің өкілі арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, мекемеде жүргізілген ревизия жұмыстары барысында 3 миллион 900 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған. Полиция қызметкерлерімен арызды қарау жұмыстары барысында осы іске 33 жастағы кассир мен 36 жастағы сауда агентінің қатыстылығы анықталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктілердің екі апта бойы күнделікті саудадан түскен кірісті жымқырып, екеу ара бөліскені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.