Теміртаудағы жер үйлердің бірінен зергерлік бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды.

Теміртаудағы жер үйлердің бірінен зергерлік бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша жер үйде тұратынын айтты. Күндізгі уақытта үйінен жұмыстарымен шығып, есікке кілт салуға ұмытып кеткен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған белгісіз біреу үйге кіріп, алтын алқа, кулон және крест ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.