
Қарағанды облысы, Абай аудандық полиция басқармасына 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша кешкілік жұмыстан келгенде белгісіз біреу бірінші қабаттағы үйінің терезесінен кіріп, ноутбук пен қуаттау құрылғысын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Оған келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, полицияға 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу үйінен екі ноутбук, флэшкарта және ақша ұрлағаны туралы шағымданды. Оған келтірілген шығын көлемі 1 миллион 100 мың теңгені құрады. Бұл жолыда қаскөйлер пәтерге пластикалық терезені бұзу арқылы кіргені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 бен 34 жас аралығындағы қос күдікті ұсталды. Олар ұрланған заттарды белгісіз бір азаматқа сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің Саран және Ақтас қалаларында жасалған екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. Бірінші жағдайда күдіктілер жәбірленушіге 330 мың теңге шығын келтірсе, екінші жағдайда 77 мың теңге шығын келтірген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Полиция департаменті пәтер ұрлықтарына жол бермеу, оның алдуын алу мақсатында, төменгі қабаттағы пәтер иелеріне терезеге темір тор көздер орнатуға кеңес береді.