Қарағандыдағы емханалардың бірінен ноутбукпен принтер ұрлаған күдікті ұсталды.

Қарағандыдағы емханалардың бірінен ноутбукпен принтер ұрлаған күдікті ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа Майқұдық полиция бөліміне сол аумақта орналасқан емханалардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, таңертеңгілік дәрігерлердің бірінің кабинетінен ноутбукпен принтер жоғалған. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 800 мың теңгені құрады. Қылмыстың болғанын ешкім көрмеген. Алайда, оқиға орынында болған бейнекамераға қарау жұмыстарын жүргізу барысында, дәрігерлердің кабинетте болмаған кезінде белгісіз ер адам ол жерге кіріп, ұрланған заттарды алып бара жатқан бейнежазба анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғыны анықталып ұсталды. Ол ем алушы ретінде емханаға келіп, ұрлық жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.