
Таңғы сағат 6.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Ерубаев көшесінің бойында ашық тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден сол маңға жақын полиция жасағы жіберілді.
59 жастағы жәбірленуші азаматша Саран қаласынан облыс орталығына қонаққа келген. Таңертеңгілік уақытта жәбірленуші автобусқа міну үшін аялдамаға асығып бара жатқанда, белгісіз біреу кенеттен тап беріп, оның ішінде құжаттарымен ақшасы бар қол сөмкесін тартып әкеткен. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 12 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.