Жер үйге ұрлыққа түсіп, үйден жалпы құны 2 миллионға жуық бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні Қарағандылық полицейлер қолға түсірді.

Жер үйге ұрлыққа түсіп, үйден жалпы құны 2 миллионға жуық бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні Қарағандылық полицейлер қолға түсірді.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты жаңа-майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында үйінде болмаған сәтін пайдаланған белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, үйден бағалы заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орынына қарау жұмыстарын жүргізген полицейлер әккі ұрының ұрлық жасағаны туралы болжам жасады. Өйткені ұрлық болған үйде мықты құлып және терезелерінде темір торкөздер болған. Сондай-ақ, үйдің ауласында ит болған. Күдікті үйге от жағатын қосымша бөлік арқылы түсіп, алтын бұйымдармен ақша ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 900 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен бұрын мүліктік қылмыстары бойынша жауапкершілікке тартылған 37 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.