Жер үйге ұрлыққа түсіп, үйден жалпы құны 2 миллионға жуық бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні Қарағандылық полицейлер қолға түсірді.

Жер үйге ұрлыққа түсіп, үйден жалпы құны 2 миллионға жуық бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні Қарағандылық полицейлер қолға түсірді.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты киров полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, зейнеткердің бөлек тұратын 35 жастағы ұлы бар. Ол еш жерде жұмыс істемей, әкесінің жиған –тергеніне қол жаятын болған. Алайда, бұндай бос жүріс әкесінің көңіліне жақпаған. Арызданардан бірер күн бұрын ұлы әкесінен ақша сұраған. Ал, әкесі оған сұрағанын бермеген. Деседе, ұлы әкесінің үйінің есігін бұзып кіріп, әкесінен 100 мың теңге ақшасын ашық түрде тартып әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен 35 жастағы азамат ұсталды. Ол, әкесінен тартып алған ақшаны өз қажеттігіне жаратқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.