Ағымдағы жылдың сәуірдің 15-нен бастап мамырдың 15 аралығында Қарағанды облысында кең ауқымды "Киік" жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Ағымдағы жылдың сәуірдің 15-нен бастап мамырдың 15 аралығында  Қарағанды облысында кең ауқымды "Киік" жедел алдын алу  іс-шарасы  басталды.

Аталған іс шараның негізгі мақсаты – браконьерлікпен күресті күшейту, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу. Акция киіктерді аулау кезеңінде қорғауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау мақсатында тұрғындар, оның ішінде табиғат пайдаланушылар арасында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, табиғатқа ұқыпты қарау, өрт қауіпсіздігі, санитария қағидаларын сақтау және су айдындарында қауіпсіз болу, браконьерлік пен жасыл өсімдіктерді кесу үшін жауапкершілік бар екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қызыл кітапқа енген жануарларды, сондай-ақ жабайы фаунаның басқа да түрлерін қорғау және сақтау жөніндегі жұмыс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.