Балқаш қаласының полицейлері автокөлік айдап әкеткен азаматты ұстады.

Балқаш қаласының полицейлері автокөлік айдап әкеткен азаматты ұстады.

Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне 59 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші кешкілік уақытта өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына көлігін қойғанын, таңертеңгілік тұрғанда көлікті белгісіз біреу айдап әкеткенін хабарлады. Арада бірнеше уақыт өткенде полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінен тапты. Күдіктіні анықтау бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көлікті оқиға орынынан мініп шыққан күдікті қала көшелерінің біріне тастап кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктінің оқиға орынына тастап кеткен айғақтардың арқасында тапты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.