
Түнгі сағат 23.40 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне белгісіз біреулер Қарағанды-Сұрыптау станциясының мекемесінің кәсіпорынынан темір ұрлап жатқандықтары туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай 27 жастағы азаматтың басқаруындағы ГАЗель автокөлігі ұсталды. Тәртіп сақшыларымен көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен теміржол рельстері тәркіленіп алынды.
Жәбірленуші тарап күдіктіден келген шығынды 6 миллион 417 мыңға бағалады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысты басқада күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.