Қарағанды облысында тауар сатып алғаннан кейін ақысы үшін жалған түбіртек көрсеткен ауыл тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысында тауар сатып алғаннан кейін ақысы үшін жалған түбіртек көрсеткен ауыл тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысы, Нұра аудандық полиция бөліміне 34 жастағы ауыл тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында жеке кәсіппен айналысатынын және өзіне тиесілі сауда орыны барын көрсетті. Арызданған күні сатушы жұмыс аяғына қарай сатып алушыға жалпы соммасы 11 мың теңгеге азық-түлік сатқан. Сатып алушы азық-түліктің ақшасын ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы төлейтінін айтып, дәлел ретінде сатушыға ұялы телефоннан түбіртекті көрсеткен. Алайда, арада екі күн өткенде сатушы түбіртектің жалған екенін ешқандай ақша түспегенде бірақ білген. Криминалдық полиция қызметкерлерімен осы істі ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы алаяқ ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда 5 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.