Шахтинск қаласының полицейлері гараждан жасалмақшы болған ұрлықтың алдын алды.

Шахтинск қаласының полицейлері гараждан жасалмақшы болған ұрлықтың алдын алды.

Шахтинск қалалық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен мүлкітік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. Шара барысында полицейлер қала шетінде орналасқан гараждардың аумағын баса назарға алды. Түнгі сағат 23.00 шамасында полиция қызметкерлері аталған аумақта орналасқан гараждардың бірінің төбесінде жүрген белгісіз азаматтарға назар аударған. Олардың әрекеттері полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, жедел әрекеттер барысында төбе арқылы гаражға түспекші болған 17 мен 18 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Тексеру жұмыстары барысында күдіктілер гаражға ұрлыққа түсіп, ішіндегі заттарды ұрламақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.