Қарағандыда аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтап сатумен айналысқан есірткі жасырушы азаматша ұсталды.

Қарағандыда аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтап сатумен айналысқан есірткі жасырушы азаматша ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында Гоголь көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің маңынан есірткі заттарын сақтау және сатып жүр деген күдікпен 20 жастағы азаматша ұсталды. Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді заттары бар 6 орам тәркіленді. Сонымен қатар, күдікті азаматшаның үйіне жүргізілген тінту жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері тағыда 50 орам ұнтақ тәрізді заттарды тәркіледі. Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің оқиға орынында көрсетуімен тағыда 2 орам табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес орамда жалпы салмағы 4 гр. психотроптық заттар болғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.