Қарағандылық полицейлер бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады.

Қарағандылық полицейлер бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады.

4 сәуір күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші белгісіз біреу Орбита-1 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен құны 250 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткені туралы арызданды. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері велосипедті мінп кетіп бара жатқан 30-35 жас аралығындағы азамат екенін көрген куәгерлерді анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған велосипедті сатып жібермекші болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда 3 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Бірінші ұрлықта шығын көлемі 150 мың теңге болса, екінші-110 мың, ал үшінші жағдайда -140 теңгені құраған. Қазіргі уақытта айғақ заттарды тәркілеу бойынша жұмыстар атқарылуда.