
Түнгі сағат 2.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты оңтүстік-шығыс полиция бөліміне Карбышев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы автотұрақта белгісіз біреудің бұзақылық әрекеттер жасағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай бұзақылық жасаған 26 жастағы облысқа қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, азамат бұзақылық әрекеттері арқылы үш автокөлікті бүлдірген. Оның бұл әрекеттерін не үшін жасады деген сауалға ештеңе деп жауап бере алмады.Медициналық куәландыру өткізу барысында азаматтың ішімдік ішкен күйде екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің көлік иелеріне келтірген шығын көлемі анықталуда. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.