
Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің банк есеп-шотынан 126 мың теңге ақша жоғалған. Бұған жәбірленушінің ұялы телефондағы мобильдік қосымшасын белгісіз біреудің қолданғаны белгілі болды. Анықталғандай, бірнеше күн бұрын жәбірленуші өзінің 34 жастағы таныс азаматшамен кездескен. Сол мезетте азаматша арызданушының шұғыл біреуге телефон соғу үшін ұялы телефонын сұрап алған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ол азаматша ұсталып, мобильдік қосымша арқылы ақшасын қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.