Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 27.03.2015 жылғы №266 Бұйрығымен бекітілген, заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру Ережесіне сәйкес қатаң түрде өткізілетін болады.
Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ақшалай сыйақы үшін өз еркімен тапсырған азаматтар Қарағанды облысының кез келген аумақтық полиция органына өтініш бере алады.
Азаматтар телефон арқылы осы заттардың орналасқан жеріне жүгінген кезде полиция қызметкері орнына барып, барлық қажетті іс-шараларды жүргізеді.
Ескерту: Ережеге сәйкес, тапсырылған қарудың санатын және сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде, комиссиямен, қару-жарақ заттарының техникалық жағдайына қатысты жүргізілген криминалистикалық сараптаманың нәтижелері ескеріледі:
- 1-ші санатқа жатқызылған қару үшін, төлем 100 пайыздық есеппен төленеді;
- 2-ші санатқа жатқызылған қару үшін, төлем 70 пайыздық есеппен төленеді;
- 3-ші санатқа жатқызылған қару үшін, төлем 30 пайыздық есеппен төленеді.Сыйақы төлеуге жатпайтын бұйымдар мен заттар:
- криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған;
- ҚР ІІМ БДБ-да «Криминалдық қару» немесе «Тіркелген қару» есебінде тұрғандар;
- қолдан жасалған оқ-дәріге;
- тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға.
Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген «қауырт желі» телефон нөмірлеріне хабарлау қажет:
- Облыстық ПД: 44-58-04
- Орталық ПБ - 56-42-51
- Оңтүстік-шығыс ПБ - 34-80-27
- Михайлов ПБ-44-51-69
- Октябрь ПБ - 46-30-31
- Жана-Майкұдық ПБ - 37-05-36
- Киров ПБ – 53-03-05
- Темиртау ПБ-98-43-15
- Шахтинск ПБ-5-02-82
- Саран ПБ-7-49-15
- Балхаш ПБ-60-1-61
- Абай ауданының ПБ-44-6-66
- Бухар-Жырау ауданының ПБ-21-5-89,21-3-63
- ОП Осакаров ауданының ПБ -41-3-82
- ОП Қарқаралы ауданының ПБ -32-7-74,31-7-34
- Нұра ауданының ПБ- 21-9-15
- Актогай ауданының ПБ -2-16-90
- Шет ауданының ПБ- 21-3-40