
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші қалада көпқабатты үйде тұрады. Сол үйдің жертөлесінде өзінің заттарын сақтайтын қоймасының бары белгілі болды. Аталған қоймада оның көлігінің дискіге салынған төрт шинасы болған. Белгісіз біреу жертөлеге түсіп, төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол ұрланған заттарды сатып, ақша қылмақшы болғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.