
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 39 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Ол полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта жұмыстарымен Қарағанды қаласына келгенін айтты. Сол уақытта белгісіз біреу кенеттен қолындағы ұялы телефонын жұлып алып, оқиға орынынан ізін жасырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Жәбірленуші полицейлерге күдіктінің шамамен 20-25 жас аралығында екенін айтты.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы облысқа қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.