
Қарағанды облысы, Абай аудандық полиция басқармасына Абай қаласындағы мекемелердің бірінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді. Қылмыс аса қатыгездікпен жасалғаны белгілі болды. 25 жастағы жәбірленуші мекеме алдында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған. Сол мезетте осы аумақтан өтіп бара жатқан белгісіз біреу қолынан ұялы телефонды жұлып алып, мекеме жанындағы ғимараттардың арасымен қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 155 мың теңгені құрады. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.