
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші облыс орталығына жұмыстарымен келген. Жұмыстарын бітірген соң ауқаттану мақсатында қаладағы асханалардың біріне кірген. Сол мезетте белгісіз біреу келіп, тез арада біреуге қоңырау шалу мақсатында ұялы телефонын сұраған. Ештеңе сезіктенбестен жәбірленуші оған ұялы телефонын берген. Алайда алаяқ ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған сыңай танытып, кейін ұялы телефонды алып қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 130 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат ұялы телефон тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.