
15 наурыз күні сағат 21.30 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Жәбірленуші 52 жастағы сатушы азаматша, полиция қызмектерлеріне кешкілік уақытта дүкенді жабатын кезде дүкенге бір азамат келгенін, кейін ол қалтасынан пышақ алып шығып, дүкеншіні пышақпен қорқытып, скотчпен байлап, ол жерден ақша және азық-түлік алып кеткенін айтты. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.